04
Сәуір

Ақжолдықтар Сенаттағы мәслихаттар кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

4 сәуір 2025 жыл, Астана қалалық филиалы

«Ақ жол» ҚДП-ның Астана қалалық мәслихатындағы депутаттар фракциясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің кеңейтілген отырысына қатысты.

Отырыс барысында жергілікті бюджеттердің қаржылық мүмкіндіктерін арттыру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, экология, экономика және әлеуметтік саясат мәселелері талқыланды.

Қатысушылар жергілікті билік органдарының дербестігін күшейту мен олардың өңірлердегі өзекті мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ өңірлерді тұрақты және әділ қаржыландырудың, ауылдық аумақтарды қолдаудың және әлеуметтік бастамаларды тиімді жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.