24
Мамыр

«Ақжолдықтар» Шымкентте аурухана жұмысымен танысты

24 мамыр 2024 жылы «Ақ жол» демпартиясынан сайланған Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Мұхтар Асқарұлы Шымыров  пен  "Ақ жол" ҚДП қалалық Кеңесінің мүшесі Мұрат Шалапаев  Қызылжар  мөлтек ауданында  орналасқан № 9 Шымкент қалалық емхананың жұмысымен танысып,  медицина қызметкерлерімен  кездесті. 

Халық қалаулысы  өзі   медицина академиясын бітіріп, дәрігер болғандықтан, қаламыздағы  медицинаның жағдайына көбірек назарын аударып, орын алған  мәселелердің  шешілуіне  атсалысып келеді.  Ерікті форматта өткен  кездесуде емхана ұжымы  ғимараттары ескі, тар болуы себебінен бір кабинетте 2 дәрігерден отырып пациенттерді  қабылдауға мәжбүр екендігін жеткізді.

Осыған байланысты емхананың  қазіргі ескі ғимаратын сырып, орнына жаңа, заманауи ғимарат салынса, деген өтініш-тілектерін  білдірді.  Мұхтар Асқарұлы  бұл  мәселе бойынша  тиісті мекемелерге  Депутаттық  сауалын  жолдап, өз  бақылауына  алатындығын түсіндірді.