Бүгін Өскеменде “Ақ жол” демпартиясының биылғы сайлаудағы бақылаушылары мен үгіт-насихатшыларына партияның Ұлттық кеңесі атынан алғысымызды айтып, сол науқанда болған оқиғалар мен шығарылған қорытындыларды талқыладық.
Партия мен оның депутаттарының Саяси бағдарламаны жүзеге асыру, ШОБ пен отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша ары қарайғы жұмысын талқыладық.
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару (https://t.me/peruash/9363), жер қойнауын пайдалану туралы (https://t.me/peruash/8932) заңдарға, жаңа Салық кодексіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде (https://t.me/peruash/9356) айтып, партияластардың сауалдарына жауап бердім.
Сондай-ақ, сайлау науқанында қырағылық танытып, сайлаушыларымыздың дауысын қорғаған бір топ сенімді өкілдер мен байқаушыларға «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің Алғыс хаттары мен “Әділ сайлау қорғаны” төсбелгісін табыс еттім.