3 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін Жамбыл облысы, Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы орталық
стадионда жергілікті мәслихаттар арасында спартакиада өтуде.
Облыстық спартакиадаға «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының, облыстық
мәслихаттағы тұрақты комиссияның төрағасы Мұқанбетәлі Шалқарбеков бастаған ақжолдық
депутаттар да қатысуда.
«Бүгінгі спартакиадада депутаттар арқан тарту, теннис, воллейболдан жарысқа
түседі. Спорт додасына командалық, жеке дайындықтар жақсы жүрді», - дейді
Мұқанбетәлі Жеңісұлы.