27
Мамыр

Ақжолдықтар Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі каналының жағдайымен танысты

27 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және Н.Сопбеков пен  облыстық Кеңес мүшесі Ш.Есекеева ауылдық жерлердегі каналдар мен су арналары және арықтардың жай-күйін пысықтау мақсатында Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі каналы арналарының бірінің жағдайымен танысты. Арнаның қазіргі жай-күйі бойынша Ақжолдықтар  келешекте облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында көтеретін болады.