03
Қазан

Ақжолдықтар ұстаздарды ерекше құрметпен құттықтады

3 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының төрағасы Әлібек Исин, Кеңгір ауылының әкімі Рүстем Есмағанбетов және Жастар қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева білімнің шамшырағы болған ұстаздарды ерекше құрметпен құттықтады.

Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” филиалының ұжымы биылғы мерекеде назарын Кеңгір ауылындағы №2 жалпы білім беретін мектепке аударып, ауыл ұстаздарын арнайы құрметтеуді жөн санады. Бұл – шалғайдағы ұстаздардың өлшеусіз еңбегін бағалап, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлін ерекше айшықтайтын ізгі қадам.

Олар мектептің ұстаздар ұжымына барып, гүл шоқтарын табыстап, мерекелік лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, партия қатарындағы ардақты ұстаздарды да назардан тыс қалдырмай, жұмыс орындарына және үйлеріне арнайы барып, жылы тілектері мен шынайы алғыстарын білдірді.

Әлібек Исин ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жастарға бағыт-бағдар беріп келе жатқан еңбектерін ерекше атап өтті:

«Ұстаз еңбегін бағалау – біздің ең басты парызымыз. “Ақ жол” партиясы әрқашан білім мен ұстаз мәртебесін көтеруге айрықша мән береді. Сіздердің еңбектеріңіз – елдің болашағына салынған берік іргетас» – деді.

Бұл іс-шара – “Ақ жол” партиясының қоғамға жасаған игі бастамаларының бір көрінісі, ұстаздарға деген зор алғыстың айғағы.

Ұстазға деген құрмет – болашаққа деген құрмет!