2024 жылдың 15
ақпан күні Жетісу облыстық мәслихатының депутаты Егінбаев Ермек, Панфилов
ауданындағы Ақжолдық әріптестеріммен бірге Жаркент қаласындағы Б.Момышұлы
мектебінің ұстаздар ұжымымен жолықтым. Кездесу барысында Ақ жол партиясының
саяси бағдарламасымен таныстыра отырып, бүгінгі күні Ақжол партиясынан түскен
мәжіліс және мәслихат депутаттарының көтеріп және тиісті шешімдерін тапқан
мәселелерді ұстаздардың назарына жеткіздім. Туындаған сұрақтарға жауаптар
берілді.
Кездесу соңында,
білім беру саласында жастарды патриоттық тәрбиелеудегі үлкен еңбегі үшін осы
Б.Момышұлы атындағы орта мектептің директоры Сопиев Мурат Токтасынұлына
Қазақстанның Ақ жол демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың атынан
"Қазақ республикасына 100 жыл" мерекелік медальін табыстады.