06
Сәуір

“Ақжолдықтар” су тасқынынан зардап шеккен атыраулықтарға 2,5 тонна ұн жіберді

6 сәуір 2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланып, қарғын судан эвакуацияланған Атырау халқы Бейнеу ауданына орналастырылып, оларға көмек көрсетіліп жатыр.

 

Маңғыстаудағы “ақжолдықтар” да тасқын судан зардап шеккен атыраулықтарға жылу жинап,  ҰН - 2,5 тонна (100 қап) 

ҚАНТ -  100 кг, КҮРІШ - 125 кг, МАКАРОН - 20 кг, СҰЙЫҚ МАЙ - 50 л жіберді.