10 сәуір 2024 жыл, «Ақ жол» демпартиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» демпартиясы – халықпен бірге. Бүгін партияластар
су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек қабылдау штабына
құтқару жұмыстарына қажет қайықтар мен резеңке етіктер сынды сұраныстағы
заттарды табыстады. Еске салсақ, көршілес Орынбордан келетін су көлемінің
артуына байланысты өңірдегі ахуал әлі де күрделі. Тасқынға күрес шараларының
шебінде жүрген азаматтар үшін ақжолдықтар ұсынған құрал-саймандар
жерлестеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қажеттілікке ие. Партияның
орталық аппаратының аманатын облыстық мәслихат депутаты Асқар Мерғалиев, қалалық мәслихат депутаты Юрий Казанин
гуманитарлық көмек беру орталығына табыстады!
Ақ жол!