8 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Биыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Майданда жеңісті жақындатуға
жауынгерлермен қатар, тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі мол. Ер азаматтар
қолдарына қару алып,соғысқа аттанса, әйелдер мен жас балалар фабрика мен зауыттарда,
ауыл шаруашылығында еңбек етті.
Тыл еңбеккерлері майдан шебіндегі жауынгерлермен бірге бейбіт өмірді
жақындатуда зор үлес қосты. Қаһарлы соғыс жылдарында егістік даласында, кейін
бейбіт өмірде ұзақ жылдар бойы ауылшаруашылығы саласында еңбек еткен Алтынхан
Раисов пен полиция ардагері Тілеуқұл Құдайбергенов бүгінде Тараз қаласында
тұрады.
«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Руслан Мырқалықов Тараз қалалық
мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай бастаған әріптестерімен бірге, жеңісті
жақындатқан тыл жауынгерлерін Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
«Еңбек те, ерлік те ескерусіз қалмайды. Ұрпаққа үлгі болып, жыл өткен сайын
жаңғыра түседі. Тыл ардагерлері Алтынхан Раисов пен Тілеуқұл Құдайбергенов
ақсақалдар ұл-қыз өсіріп, немере-шөбере сүйіп, ел құрметіне бөленіп отыр.
Көптеген мемлекеттік награда, медальдармен марапатталған», - дейді Руслан
Мырқалықов.



