21
Наурыз

Ақжолдықтар Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті

21 наурыз 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Ғалымжан Елшібай, "Ақ жол" партиясының өкілі, облыстық мәслихат депутаты Қанат Нышанов, Ханай Әшірбеков Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесіп, халықтың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов,  аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров және депутаттар, ауылдық округтердің әкімдері мен орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тұрғындар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиында облыс мәслихатының депутаты Ғалымжан Елшібай Төлеби ауданына бөлініп жатқан облыстық, республикалық бюджетпен, өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Түркістан облыстық мәслихат депутаттарының халықпен кездесуінде тұрғындар елдімекендерге фельдшерлік-акушерлік пункт салу, бірқатар тұрғын үйлерді көгілдір отынмен қамту, көшелерді асфальттеу, Қасқасу ауылы мен Ленгір қаласын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету сынды мәселелерді айтты.

Таза ауыз сумен қамту облыстық мәслихаттың депутаттары мен аудан әкімдігінің басты назарында. Бүгінде Ақмешіт бұлағы Сайрам-Өгем ұлттық паркі аумағында орналасқандықтан, онда құрылыс жұмыстарын жүргізуге тиым салынған. Бұл мәселені шешу үшін тиісті заңдарға өзгеріс енгізу қажет және ол Мәжіліс депутаты Ұ. Сәдібекұлының бақылауында,- деді аудан әкімі.

Жиында Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә. Шыңғысбаев облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов депутаттармен бірге барлық ауданға арнайы барып, өңірдегі өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап, халықтың талап-тілегі мен өтініштерін жіті бақылауға алып жатқанына алғысын білдірді.

Сонымен қатар, кездесуде Көксәйек және 1-мамыр елдімекендерінің қыйылысынан Қазақстан елдімекеніне баратын сайдағы жолды көтеру бойынша депутат Х. Әшірбековке депутаттық сауал жолдау ұсынылды.

Одан бөлек ауданда индустриалды аймақ, өндістік парк салуды, Шымкент қаласы шекарасында арнайы экономикалық аймақ құруды қолдау бойынша өтініштер айтылды.

Облыс мәслихатының төрағасы Нұралы Әлмаханұлы барлық мәселе бақылауға алынып, тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

Кездесу соңында тұрғындардың талап тілегі мен өтініштері бойынша аудан әкімдігіне тиісті ұсыныстар беріліп, хаттамасы түзілді. Олардың орындалуы депутаттар тарапынан бақылауға алынды. Тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдіріп, депутаттарға сәттілік тіледі.