21
Ақпан

Ақжолдықтар Тұрар ауылындағы "Әнипа" балабақшасының қаржыландыру мәселесін талқылады

21 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Бүгін 21 ақпан 2025 жылы Алматы облысы  Қарасай ауданы, Тұрар ауылында ауыл кәсіпкері Қоғабаева Жаннаның 2023 жылы ашқан 75 орындық  “Әнипа”  балабақшасына бардық. Кәсіпкер өз тарапынан барлық жағдайды осы салаға сай етіп, түрлі нормаларды сақтап жұмыс жасап келе жатқандарын айтты. Бір алаңдатып отырған мәселе ол үкімет тарапынан жарияланған “Мектепке дейіңгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы қаржыландыру” бағдарламаға балабақшаның іліңбеуі. 2023-2024 жылдары Алматы облысы “Ақ жол” демпартиясының филиалында осы тақырыпта екі дөңгелек үстел өткенін, ол жиынға облыстық экономика және білім басқармасы, облыстық маслихат төрағасы қатысқаны жайлы атап айттық. 120 аса осы саладағы кәсіпкер 2023 жылдан бастап конкурсқа кіре алмай жүргендері жайлы да айтылды. Биыл облыс көлемінде 1000 бала басына ғана қаражат бөлінгені туралы мәліметті облыстық маслихат депутаты Горяной С жеткізді. Осы бағдарламаға байланысты облысымызда күрделі сұрақтардың орын алғаны белгілі. Біраз аудандарда өз кәсіпкерлік міндеттерін жауапсыз орындау орын алған.