2 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Бүгін Тараз қаласында «Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облыстық, Тараз
қалалық мәслихаттарының депутаттары Дәурен Ахметжаев пен Руслан Мырқалықов
Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында халық қалаулылары
«Ақ жол» партиясының Парламенттегі
және жергілікті мәслихаттардағы депутаттары жүргізіп жатқан жұмыс
бағыттары төңірегінде ақпарат берді.
Сонымен бірге, «Ақ жол» түрлі салада
еңбек етіп жүрген азаматтармен, жалпы қоғаммен тығыз байланысы арқылы олардың
ел мүддесі үшін жасап жүрген қызметтерін көзбен көріп, барынша бағалап жүрген
Партия екенін және олардың еңбектеріне деген құрметін білдіру
мақсатында, «Ақ жол» партиясының Ұлттық кеңесі бекіткен бірнеше марапат түрлері
бар екенін жеткізді.
Жиында Дәурен Ахметжаев пен Руслан Мырқалықов «Ақ жол» партиясының
төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтың атынан төтенше
жағдайлардың алдын алуда атқарып жүрген маңызды қызметтері үшін алғыс білдіріп,
Департаменттің 6 қызметкеріне «Апатпен күрескені үшін» медальдарын табыс етті.
Жиын соңында Департамент басшылығы
«Ақ жол» Партиясының төрағасы
А.Перуашевке және Жамбыл облысының филиалына тұрғындардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бағытында қауіп-қатерге қарамай қызмет етіп жүрген жасақтың
еленген еңбектері және партияның осындай тұрақты ара-қатынастары үшін алғысын
білдірді.



