11
Сәуір

«Ақжолдықтар» Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы штабына барып, Петропавл қаласындағы су тасқыны жағдаймен танысты

https://t.me/peruash/11305

Төтенше жағдайлар министрлігі штабына барып, су тасқыны жағдайымен таныстық. Жағдай өте қиын, дегенмен Сергеев су қоймасындағы судың мөлшерден асуы 4,25-ден 3,95 метрге дейін төмендегені секілді позитивті жайттар да бар. Бұған дейінгі ең шекті жоғары деңгейі 3,38 болған еді. Көріп отырғандай, негізгі гидроқұрылыстың мүмкіндігінен асып жатқан су көлемі бәрібір көңіл алаңдатады.

 

Алдағы күнде, тіпті, сағаттарда Петропавлға "үлкен су" келеді деп жатыр.

Арнаның бойымен су басу қаупі бар аймақтарда бөгеттер жасау барысын, тұрғындарды эвакуациялау, жылдам жасалатын тосқауылдардың техникалық жағын, сонымен қатар азаматтардың мүлкін мүмкін болатын тонаудан қорғау мәселесін талқыладық.