27 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы бұған дейін өңірдегі қазақ тілінде білім беретін
мектептердің жағдайын көтерген болатын. Әсіресе Риддер мен Жаңа Бұқтарма
кентіндегі білім ошақтарының тозығы жеткені айтылып келген.
Осы орайда облыстық филиалдың басшылығы Жаңа Бұқтармада жаңадан салынған
мектеп ғимаратына барып, ондағы жағдаймен танысты. Партия өкілдері мектеп
директоры және педагогикалық ұжыммен кездесіп, балалар үшін жасалған жаңа
мүмкіндіктерді көрді.
Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушыларға жайлы орта
қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қадамдар ауылдық жерлерде қазақ тілінде
сапалы білім алу үшін қолайлы жағдай жасайтыны атап өтілді.


