10
Шілде

Ақжолдықтар Жаңақорған ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

10 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

Қызылордалық ақжолдықтар  Жаңақорған ауданының тұрғындарымен өткізген кездесулерінде тұрғындар аудандағы темір жол бойындағы екі елді мекенді байланыстыратын аспалы көпір мәселесін көтерген болатын. Осы және басқа да мәселелерге  байланысты 2024 жылдың тамыз айында облыстық мәслихаттағы "Ақ жол" партиясы фракциясының жетекшісі Қ.Боранбаев  облыстық мәслихат төрағасы М.Тлеумбетовпен бірге Жаңақорған ауданына барып, аудан әкімі М.Сәмитұлымен және аудандық мәслихат төрағасы Ғ.Жарқынбекұлымен бірге облыстық бюджеттен қаражат бөлу бойынша кездескен болатын. Осы кездесулердің нәтижесі  ретінде облыс әкімі Н.Нәлібаевтың қолдауымен салынған көпір құрылысы аяқталып, "Ақ жол" партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және Н.Сопбеков Жаңақорғандықтардың игілігіне берілген көпірдің ашылуына қатысты.