18 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы
Қыстың қақаған аязында жалғызбасты әженің үйінің терезесін бұзақы балалар
сындырып кеткен. Оқиға өткен жылы орын алғанымен, бейнебақылау камерасы
істемегендіктен, кінәлілер анықталмаған.
Кеше ғана аталмыш жағдай туралы «Ақ жол» партиясының өкілдеріне жеткізілген
соң, мәселе дереу назарға алынып, көмек көрсетілді. Партия қызметкерлері
әжейдің терезесін қалпына келтіруге атсалысты.
Қазіргі таңда көпқабатты үйдің тұрғыны партия өкілдеріне алғысын айтып,
ризашылығын білдіруде.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Ақ жол» партиясының өкілдері тұрғын үй
ауласына бейнебақылау камерасын орнату мәселесін де назарға алып отыр. Бұл
бағытта тиісті мекемелерге ресми хат жолданбақ.
