23
Мамыр

АҚЖОЛДЫҚТАР ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

23 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Орал қаласындағы «Еуразия» туристік кешенінде «Жас құтқарушы – 2025» облыстық слетінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Үш күнге созылған бұл маңызды шараға Батыс Қазақстан облысының әр түкпірінен 100-ден астам жасөспірім қатысып, төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындықтарын көрсетті.

Слетті ұйымдастыруға Қазақстанның демократиялық партиясы «AQ JOL» Батыс Қазақстан облыстық филиалы, облыстық төтенше жағдайлар департаменті, облыстық білім басқармасы және «Еуразия» туристік лагері қолдау көрсетті.

Шараға ҚДП «Ақ жол» БҚО филиалы төрағасының орынбасары Айгүл Туркина, облыстық мәслихат депутаты Ержан Хасанов және Орал қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Валерий Власов арнайы қатысып, жас құтқарушыларға сәттілік тілеп, оларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Партия өкілдері жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табыстап, жастардың бойындағы жауапкершілік, көшбасшылық пен командалық рухты дамытуға өз үлестерін қосты.