15
Наурыз

Ақжолдықтар «Жасыл қала» атты қалалық ағаш отырғызу акциясына қатысты

15 наурыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» демпартиясы Жамбыл облыстық филиалының төраға орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан бір мандаттық жүйемен Жамбыл облыстық мәслихатына сайланған депутат Дәурен Ахметжаев, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Руслан Мырқалықов «Жасыл қала» атты қалалық ағаш отырғызу акциясына қатысты.

Ақжолдықтар күн санап аумағы кеңейіп келе жатқан шағын аудандағы жаңа саябақтың көркеюуіне өз үлестерін қосып, ақ қайың, терек секілді түрлі ағаш көшеттерін отырғызды.

«Ұлы дала» шағын ауданында өткен жалпықалалық акцияға қала тұрғындарымен бірге, барлық мекеменің қызметкерлері атсалысты.