23 сәуір 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Шу аудандық мәслихатының депутаттары
Батырхан Онбаев, Қанат Қойшыбеков, Жоламан Әуес, Мақсат Сұлтанғазиев «Жібек
жолы» экономикалық аймағына барып, жақында іске қосылған өндіріс орындарының
жұмысымен танысты.
«Тараз Химпарк» атауымен белгілі экономикалық аймақта қытайлық инвестор
Fujian Hengwang Investment Co., Ltd компаниясының қатысуымен жалпы құны шамамен
$1,2 млрд-ты құрайтын еліміздегі ең ірі металлургия зауыттарының бірінің
құрылысы басталғаны белгілі. Инвестжоба шеңберінде жаңа жұмыс орындары ашылады
деп күтілуде.
Ақжолдық депутаттар құрылыс және
өндіріске қанша пайыз жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылатынын сұрады. Зауытқа
қандай жұмысшы мамандықтарына сұраныс болатынын зерделеді.
Сапар барысында депутаттар өндірістегі жұмысшылармен кездесіп,
өтініш-ұсыныстарын тыңдады.