23 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Б.Сандыбаев пен
облыстық мәслихаттағы «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшелері Қ.Боранбаев,
Н.Сопбеков, облыстық Кеңес мүшесі Ш.Есекеева және «Ақ жол» партиясының Қармақшы
аудандық мәслихатындағы депутаты Д.Қанатбай
Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің тұрғындарымен кездесті.
Қызылорда облыстық мәслихатындағы «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі
Қ.Боранбаев пен Ш.Есекеева тұрғындарға «Ақ жол» партиясының сайлауалды
бағдарламасын таныстырып, партия мен депутаттар тарапынан атқарылып жатқан
жұмыстар мен қол жеткізген жетістіктер туралы баяндады. Кездесу негізінен пікір
алмасу әдісі бойынша өткендіктен, тұрғындар
депутаттарға көкейтесті сұрақтар
беріп, ұсыныс-тілектерін жеткізді.