29 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Қызылорда облыстық филиалының өкілдері Қызылорда
қаласындағы шағын кәсіпкерлік нысандарын аралауда. Кездесуде кәсіп иелері
Ақжолдықтарға жұмыс барысындағы өз мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарын айтуда.
Негізгі алаңдатып отырған мәселелерінің бірі келесі жылдан бастап жаңа
салық кодексімен қабылданған салықтардың мөлшерлемелерінің өсуі, мобилдық
аударымдарының бақылауы және бюджетпен жұмыс жасайтын тауар сатып алушылар
мекемелердің мемлекеттен қаржыларын уақытылы алмауына байланысты төлемдерін
кешіктіруі, т.б.
Ақжолдықтар өз кезегінде жаңа салық кодексінің жобасына қатысты өз
ұстанымдарын білдіріп, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Ақжолдық депутаттарымыз Жаңа
Салық кодексінің жобасына қарсы дауыс бергенін жеткізді.
Әрі қарайда келесі кезеңдегі салық кодексінің жобасын талқылауда да
Ақжолдықтар тарапынан бизнестың мүддесін қорғаудағы жұмыстары жалғаса беретінін
жеткізіп, жүк көліктерінің қосалқы бөлшектерін сатумен айналысатын
"Еркош" дүкенінің егесіне
"Ақ жол" партиясының жалаушасын табыстады.

