13
Маусым

Ақжолдықтар Қызылорда облысындағы білім беру мекемелерін аралады

13 маусым 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттары Б.Сандыбаев пен Н.Сопбеков депутаттармен бірге "Орта және қосымша білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру жұмыстарының тиімділігі мен сапасының жай-күйі туралы" мәселесімен облыстың 7 ауданын  аралап, білім беру мекемелерінің басшылары мен оған жауапты қызметкерлермен және аудан депутаттарымен кездесті.