21 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының
депутаты Б.Сандыбаев, Қ.Боранбаев және Н.Сопбеков Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті
сессиясы алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қатысты.
Бірлескен отырысқа "Ақ жол" партиясынан сайланған депутат,
мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бауыржан Сандыбаев төрағалық етті.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелерді төрағалық етуші Б.Сандыбаев депутаттар талқысына шығарып, олардың
ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Отырыс соңында депутаттардың ұсыныстары ескеріле
отырып күн тәртібіндегі мәселелердің шешім жобасын сессия қарауына жіберу
туралы бірауыздан қаулы қабылданды.
