14 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат
депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы
Бауыржан Тұрсымбайұлы Сандыбаев пен партиядан сайланған облыстық
мәслихат депутаты Н.Сопбеков облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы басшысының орынбасары Р.Ибрагиммен бірге Қызылорда қаласында құрылысы жүргізіліп
жатқан бірқатар маңызды нысандарды аралады.
Атап айтқанда, Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне
дейін Сырдария өзенінің бөгетін нығайту арқылы жүргізіліп жатқан, ұзындығы –
2,9 км болатын жол құрылысын аралады. Аталған жол құрылысын мердігер мекеме –
«УАД» ЖШС құрылыс мекемесі жүргізуде. Жұмыстар биылғы жылдың қыркүйек айына
дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласы Қараөзек ауылына дейінгі жол бойындағы
Қожақ автожол көпірі де назардан тыс қалмады. Бүгінде ұзындығы 5 шақырымды
құрайтын көпірге «Қыран» ЖШС мердігер мекемесі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде.
Бұл нысанда жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Ақжолдық халық қалаулылары құрылыс
жұмыстарының орындалуын тексеріп, мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс
жұмыстарының сапалы орындалып, мерзімінде аяқталуы қажеттігін жеткізді.





