23
Қыркүйек

Ақжолдықтар Қызылордадағы су жүйесінің жаңғырту жұмыстарымен танысты

23 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Тұрсымбайұлы Сандыбаев пен «Ақ жол» партиясының Қызылорда  қалалық мәслихатындағы депутаты Ақманат Мұратқызы Төлегенова тиісті сала мамандарымен бірге «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның 2024 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы бойынша орнатылған 40 дана өрт гидрантының жай-күйін,  464,2 метр су және кәріз желілеріне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын  және жөндеуден өткен КНС-2 «Тасарық», КНС-52 «СПМК-70», КНС-1 «Наурыз» сорғы станцияларына барып,  «Қызылорда су жүйесі» МКК-ның жаңарту және жаңғырту жұмыстары және инвестициялық міндеттемелерінің орындалуымен танысты.

Аталған мекеменің су және кәріз желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарына  облыстық мәслихаттың Б.Сандыбаев төрағалық ететін тұрақты комиссиясы қаражат бөлу мәселесіне ықпал жасаған болатын.