31
Шілде

Ақжолдықтар «Қызылорда–Жезқазған» автомобиль жолының жұмыстарымен танысты

31 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев пен партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаты Нұрымжан Сопбеков Республикалық маңызы бар А-17 автомобиль жолының «Қызылорда–Жезқазған» (216-424 шақырым) учаскесінде жүріп жатқан қайта жаңарту жұмыстарымен танысу үшін арнайы барды.

Қазіргі уақытта жолдың бірқатар учаскелерінде асфальтобетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сапар барысында жол жөндеуші компаниямен жиын ұйымдастырылып, Ұлытау облысының «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы филиалының директоры М.Шахарбаев атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Республика үшін маңызды автожол құрылысы 2026 жылы толық іске қосылып, жол құрылысы аяқталу барысында Арқалық және Қызылорда шекарасында арнайы жол белгілері қойылатын болады.

Жобаның негізгі техникалық параметрлері мен қысқаша анықтама:

·        Жалпы ұзындығы – 208 км

·        Асфальт жабындысының қалыңдығы – 27 см

·        Жолдың ені – 9 м

·        Құрылыс жұмыстарына тартылған техника – 451 бірлік

·        Жоба бойынша жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер саны – 796 адам

·        Қайта жаңғырту жұмыстары 8 мердігер мекеме арқылы жүзеге асырылуда.

«Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту жобасы бойынша ені 7 метр болатын III техникалық автомобиль жолын ені 9 метр болатын II техникалық санаттағы жолға ауыстыру қаралған, 2 дана көп функцианалды аралық бақылау (салмақ, габарит, жылдамдық) өлшейтін аркалар, 4 дана демалыс алаңдары, 48 дана су өткізгіш құбырлары, 8 дана мал өткелдері, қиылысулар және кірме жолдар қарастырылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен халықаралық қаржы институттарының ережелерімен өткізілген тендерлік рәсімдердің нәтижелері бойынша республикалық маңызы бар А-17 «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы», «Қызылорда-Жезқазған» учаскесі 24-216 шақырым» автожолын қайта жаңартудан өткізуге  Қазақстандық 1 мекеме және қытайлық 4 мекеме тартылған.

Қайта жаңарту жұмыстары 2022 жылдың орта тұсында бастау алып, бекітілген жұмыс кестелеріне сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Негізгі құрылыстың іске асыру мерзімі 2022-2026 жылдар аралығы.

Құрылыс жұмыстарына 700 адам көлемінде арнайы мамандар, оның ішінде 600 адам Қазақстан азаматтары және 500 дана көлемінде арнайы техника тартылған.

Бүгінгі күні құрылыс маусымының ағымы бойынша қайта жаңартудан өтіп жатқан 192 шақырымның 163 шақырымында толық жол конструктивінің және асфальт төсемесінің жұмыстары аяқталып, жол қозғалысы ұйымдастырылған.  Қазіргі уақытта жұмыстар жалғасын тауып, жер жұмыстарымен қатар, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.