29
Шілде

Қазығұрт аудандық мәслихатының кезекті XXX сессиясы өтті

29 шілде 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы

2024 жылғы 11 шілде күні Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымындағы кезекті отызыншы сессиясы өтті. Сессияда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

Ауыл шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар туралы есеп;

Қақпақ ауылдық округі әкімінің жылдық есебі;

2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер;

Елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы ұсыныстар;

2025–2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту.

Сонымен қатар, "Ақ жол" партиясының өкілі, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Айбек Мықтыбайұлы сессияда Жігерген ауылдық округіне қарасты Қызылкемер каналы мен өңірдегі ауыз су тапшылығы мәселесін көтерді. Бұл – тұрғындардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Алдағы уақытта осы түйткілдің шешу үшін тиісті мекемелермен бірлесе отырып қарастыратынын жеткізді.

Халық қалаулысы Айбек Мықтыбайұлы: "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасына сай, тұрғындар мүддесі үшін жұмысымызды одан әрі жалғастыра беретіндігін атап өтті.