29 қыркүйек 2025 жыл, Түркістан облыстық филиалы
Қазығұрт ауданында «Ономастикалық жұмыстарды жүргізудегі талаптар мен
монументтік өнер құрылыстарын орнату тәртібі» тақырыбында облыстық семинар
өтті.
Жиында Түркістан облысы мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастика
бөлімінің басшысы Нұргүл Жақсылықова, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары
Нұрсұлтан Медеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының бөлім
меңгерушісі Раушан Тұрсынова баяндама жасап, ономастикалық жұмыстар мен
ескерткіш орнату талаптарын түсіндірді.
Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты, «Ақ жол» партиясының аудандық фракция
төрағасы Айбек Мықтыбайұлы екі мәселе көтерді:
·
Жігерген ауыл
округіне тарихи тұлғалар тізіміне енген Қилыбай Үсенұлы Медеубековтың есімін
беру;
·
Жаңабазар ауыл
округіндегі Бейнеткеш елдімекеніне ресми атау беру.
Нұргүл Жақсылықованың айтуынша, қазіргі таңда елді мекендерге кісі есімін
беру мораторийге байланысты мүмкін емес.
Ал Бейнеткеш елдімекеніне ресми атау беру мәселесі ономастикалық рұқсат
алған, қазір облыс әкімі мен жерге орналастыру басқармасының қарауында. Бұл
кезең аяқталған соң атау ресімделетін болады.
Мәселенің екеуі де – тарихи жадымыз бен болашақ ұрпақ үшін аса маңызды. Ол
алдағы уақытта жіті бақылауда ұсталып, халық аманатын орындау бағытында
жұмыстар жалғасады.



