ҚазЖол Ғылыми Зерттеу Институты ұжымымен кездестік. Былтырғы жылы «Ақ жол» фракциясы жол құрылысының құнын төмендету мен сапасын арттыру, битум тапшылығын шешу, жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу мәселелерін парламентте бірнеше рет көтерді; осы мәселе бойынша жол-көлік саласы кәсіпорындары қауымдастығының, Индустрия министрлігінің, автомобиль жолдары комитетінің, «Қазавтожол» АҚ және ғылыми ұйымдардың қатысуымен фракцияның екі отырысын өткізді; үкіметке бірқатар сауалдар жолдады. Нәтижесінде Индустрия министрлігі осы саладағы технологиялық зерттеулер мен жаңашылдықтарды қолдауға, ғылыми кадрлар мен зертханалық базаны нығайтуға шешім қабылдады.
Кездесу аясында ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен «Ақ жол» демпартиясының бағдарламасын талқыладық. Ұжымда жастар көп, сондықтан сайлаудың әділ өтуі үшін IT технологияларды қолдану, сайлаушының дауысы кімге жазылғанын кері бақылау мүмкіндігі, сайлау бюллетеньдерін беру кезінде бейнебақылау және құжаттарды сканерлеуді енгізу және т.б. туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларды ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру, ШОБ-ты дамыту мүмкіндіктері мен шенеуніктердің қысымынан қорғау мәселелері де қызықтырды. Шағын кәсіпкерлік үшін патентті қолданудың шекті деңгейін ЖЖА-да 60-70 млн тг дейін кеңейту қажеттілігі; бизнеске негізсіз зиян келтіргені үшін лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін енгізу және т.б. туралы айтылды.
«Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Берік Дүйсембинов пен демпартияның Астана қалалық филиалының төрағасы Асқар Смағұлов парламенттік талқылау мен қалалық мәслихаттағы фракция жұмысынан мысалдар келтірді.
ҚазЖолҒЗИ қызметкері Мейрамгүл Қабдығалиева «Ақ жол» партиясынан елордалық мәслихатқа кандидат болып ұсынылды. Сондықтан оның кандидатурасын да, «Ақжолдың» партиялық тізімін де ұжымның қолдауы өте жоғары.