Байқауға жаңа номинация енгізілді - Казак унi (Алматы)
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық Байқауының шарттарына толықтыру енгізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Алаш және Қазақ хандығы» арнайы номинациясы бекітілді. Төменде 2015 жылға хабарланған Байқаудың жаңартылған шарттары келтіріледі.
«XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауы
Байқаудың басты мақсаты - Қазақстан қоғамын жаңғыртуда « Алаш » қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату.
Байқауға қатысуға Алаш мұрасына қызығушылық танытып, осы тақырыпта ғылыми зерттеулермен және публицистикамен айналысып жүрген 18-35 жас аралығындағы барлық, шет елдердегі отандастарымызды қоса алғанда, ізденушілер шақырылады.
Байқау жұмыстары қазақ, орыс және Қазақстанның басқа этностарының тілдерінде қабылданады. Сондай-ақ шетелдік ізденушілерге өздерінің қалаған тілін таңдау мүмкіндігі беріледі. Байқауды ұйымдастырушылар байқау жұмыстарын мемлекеттік тілге аударуды қамтамасыз етеді.
Байқау үш кезеңнен, төрт номинация бойынша өткізіледі.
Номинациялар:
1. «Алаш» қозғалысы идеяларының мемлекет құрылысындағы, демократиялық құндылықтардағы және қазіргі Қазақстан қоғамының еуропалық жолды таңдаудағы сабақтастығы;
2. Алаш қозғалысы көшбасшыларының еңбектеріндегі экономикалық көзқарастарының өзектілігі, қоғамды әлеуметтік жаңғыртудың мәселелері және осы идеяларды қазіргі заманғы Қазақстанда дамыту;
3. Алаш қозғалысы тарихындағы белгісіз оқиғалар мен жаңа есімдер;
Қазақ хандығының 550 жылдығына арнайы номинация:
4. «Алаш және Қазақ хандығы».
Кезеңдер: 1-кезең: жазбаша жұмыстарды (эссе, шығармалар) сырттай іріктеу. Байқау жұмыстары ағымдағы жылдың 1-қазанына дейін қабылданады. Ұсынылатын жұмыстардың көлемі 12 беттен аспауы тиіс
Жұмыстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін байқаудың арнайы қазылар алқасы екі аптаның ішінде әрбір номинация бойынша 10 үміткерден іріктеп алады, олар екінші, бетпе-бет кездесетін пікірсайыс кезеңіне қатысуға шақырылады.
2-кезең: 1-кезең жеңімпаздарының бетпе-бет пікірталастары. 1-кезеңнің қорытындылары шығарылғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде өткізіледі. Бетпе-бет кездесетін пікірсайыстар барысында үміткерлер әр номинация бойынша өзінің байқау жұмысын қорғайды, одан кейін сұрақтарға жауап береді, басқа баяндамаларды талқылауға қатысады. Пікірталастар әрбір номинация бойынша бөлек өтеді.
Пікірталас қорытындылары бойынша әр номинациядан 2 үміткерден финалдық сатыға - байқаудың 3 кезеңіне қатысу үшін іріктеліп алынады.
3-кезең: Алаш Орданың («Алаш» үкіметінің) құрылған жылдығы (13 желтоқсан) қарсаңында «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық конференциясы аясында өткізіледі. 2-кезеңнің жеңімпаздары баяндамалармен сөйлейді және сұрақтарға жауап береді. Талқылаудың қорытындылары бойынша байқаудың басты марапаттарының иегерлерін арнайы қазылар алқасы анықтайды.
Конкурс материалдары жеке басылыммен жарияланатын болады.
Байқаудың жүлделік қоры 3 млн. теңгені құрайды. Жалпыұлттық пікірсайыстардың жеңімпаздары мен лауреаттары үшін келесі сыйақылар белгіленеді:
- 1-кезеңнің лауреаттары (әр номинация бойынша 10 үздік жазбаша жұмыстар) - 25 мың теңгеден;
- 2-кезеңнің жеңімпаздары үшін (әр номинация бойынша 2 үздік үміткер) -100 мың теңгеден;
- 3-кезеңнің әр номинация бойынша жеңімпаздары үшін -250 мың теңгеден.
Байқаудың бетпе-бет пікірсайыстар кезеңдерінің (2; 3 кезеңдер) қатысушыларының іссапар шығындарын «Ақ жол» ҚЦП төлейді.
1-кезеңге қатысу үшін байқау жұмыстары ««XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» белгісімен 010000 Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 11-үй, №5 кеңсесіне «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы Орталық аппаратының мекен-жайына немесе alash_akzhol@maiLru: yranym-alash@mail.ru электрондық поштамен жіберілсін.
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 8 (667), 24.02.2015