24 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Жамбыл облысы,
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының депутаты Байболат Оспанов аудан мектептерінің
жаңа оқу жылына дайындық барысын зерделеу кезінде Қайыңды ауылындағы мектептің
құлағалы тұрған бетон қоршауының мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады.
Жаңа оқу жылының
басталуына бір апта уақыт қалды. Аудандық мәслихат депутаттарынан құрылған жұмысшы
тобы мектептердің дайындығын тағы бір зерделеп қайтты.
Депутаттар
барлық ауылдық округтегі білім ошақтарын аралап, мәселелеріне назар аударды.
«Т.Рысқұлов
ауданы, Қайыңды ауылындағы Р.Смайлов атындағы орта мектептің бетон қоршауы
қисайып құлауға шақ тұр. Бұл мәселені бұған дейін де көтеріп, облыстық білім
басқармасы басшысының атына депутаттық сауал жібергенмін. Қаржы тапшылығына
байланысты қоршау ауыстырылмады. Енді басқарманың жаңа басшысына сауал
дайындалуда. Мұны қоршау деп қана қарамау керек. Себебі ойын баласының
іс-әрекетін үнемі бақылауда ұстай алмайды. Оқушылар өміріне қауіп төндіретін
қоршауды ауыстыру керек», - дейді Байболат Оспанов.


