27 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
28 маусым — Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне
орай Абай облысы, Семей қаласы Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және
спорт бөлімінде қызмет атқарып жүрген білікті маман, “Ақ жол” партиясының Абай
облыстық филиалының жастар кеңесінің белсенді мүшесі — Мейрамбекова Аружан
кәсіби еңбегі үшін арнайы марапатқа ие болды.
Мейрамбекова Аружан – ақпарат саласындағы жоғары жауапкершілік пен кәсіби
шеберлікті ұштастыра білген, қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларды уақытылы әрі
сапалы жеткізуге атсалысып жүрген белсенді мамандардың бірі.
Сіздің ақпараттық кеңістікті дамытуға, аймақтың тыныс-тіршілігін
насихаттауға қосқан үлесіңіз зор.
Сіздің еңбегіңіз — аудан мен облыс деңгейіндегі қоғамдық санаға әсер ететін
маңызды ақпараттарды жеткізу жолындағы адал қызметтің көрінісі.
Аймақтың дамуына сіңірген еңбегіңіз үшін зор алғыс білдіре отырып,
шығармашылық шабыт, жаңа идеялар, мықты денсаулық және биік белестер тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, қоғам бағалап жатқан сәт — шынайы абыройдың белгісі.
Алдағы уақытта да табыстарға толы жол серік болсын!