18
Ақпан

Ә.Байсалбаев орта мектебінде көтерілген күрделі мәселе

18 ақпан 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

2025 жыл 18 ақпан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылының Ә.Байсалбаев орта мектебіне барып 12 ақпан күні көтерілген күрделі мәселенің, атап айтсақ: осы мектептің 6 сынып оқушысы Ару есімді қыздың  тағдыры. 2012 жылы туылған Ару есімді қыздың  тағдыры өте қиын десек артық айтпаймыз. 2,5 жасында анасынан айырылып Қамқоршылық және қорғаншылық мекемесінің шешімімен анасының құрбысына қамқорлыққа берілген. Бірақта қамқорлыққа алған адам өзіне тапсырылған баланың физикалық және психикалық жағдайына нұсқан келтіріп, осы күнге дейін үкімет тарапынан қыздың ақшасын пайдаланып келген. Көршілерінің бізге “Ақ жол” партиясының облыстық филиалына хабарласып мән - жәйді айтуларынан кейін филиал тарапынан мектепте жиын өтіп, Ә.Байсалбаев атындағы орта мектептің тәрбие жөніңдегі директор орынбасары Булгакова Ж.Ж және психология мұғалімінің келісімімен Ару есімді қызымызды Қарасай ауданы бойынша Қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің қызметкерлеріне табыстап, 2025 жылдың 14 ақпанында аудандық ауруханаға жатқызып, бүгін Алматы қаласындағы балаларды оңалту орталығына денсаулығын жақсартуға жіберілді. Баланың денесінде көптеген жарақаттардың бар екені анықталып отыр. Әрі қарайда бұл қыздың жағдайын қадағалауға аламыз деп шештік.