08
Шілде

Байзақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті

8 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының және кезектен тыс өткен сессия отырыстарында «2025 – 2027 жылдарға арналған Байзақ ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Байзақ аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №41 – 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Байзақ аудандық мәслихатына «Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Ләйлә Бесбаева жиындарда депутаттар аудандық бюджеттен үнемделген қаржыны ауылдық округтердің аса қажет шығыстарына бағыттау туралы мәселе көтергенін айтады.

«Бюджетке енгізілетін ұсыныстар ауылдық округтің бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің сұраныстарын ескеріп дайындалған. Оның ішінде менің және бірқатар әріптестерімнің жолдаған депутаттық сауалдарын негізге алған ұсыныстар да бар», - дейді Ләйлә Бесбаева.

Кезектен тыс өткен сессия отырыстарында «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін  белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 14-3 шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелер енгізілді.