15
Ақпан

Балаларға болашақ сыйла! – Ақжолдық депутаттар қайырымдылық шараға демеушілік етті

15 ақпан 2024 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы 

Бөрілі ауданының мәслихат депутаттары Алма Болатқызы мен Бахытжан Ғаділшиев даму ерекшеліктері бар балаларды қолдауға арналған «Балаларға болашақ сыйла» қайырымдылық шарасына демеушілік көрсетті.


Бүгінде даму ерекшеліктері бар балалар үнемі мамандандырылған орталықтарда емделуге және оңалтуға мұқтаж екендігі жасырын емес. Бұл ата-ана мен баланың үлкен физикалық, моральдық күш-жігерінен бөлек, қомақты қаржылық шығындарды да талап етеді.                       

Жайық өңіріндегі мың бұралған бишілердің қойылымы, шырқалған ән, көрсетілген қаржылық көмек – барлығы Жақсылық марафоны әлі де жалғасады деген сенім сыйлайды.