01
Маусым

Балалардың қуанышы – бәрімізге ортақ!

1 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Жігер» ұйымының ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар 80 балаға арналған мерекелік шара өтті.

Балалардың жүзінде күлкі, жүрегінде қуаныш сыйлаған бұл игі іске «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық мәслихат депутаты Қуашбаев Дулат Саттарұлы және кеңсе қызметкерлері демеушілік танытып, қолдау көрсетті.

Мерекелік шара барысында балалар әсем ән тыңдап, би билеп, түрлі көңілді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күйде тамаша уақыт өткізді. Сонымен қатар, арнайы сыйлықтар табысталды.