13
Қараша

Банк карталарына салық салу - халықты тонау - "adyrna.kz"

https://adyrna.kz/post/26374

Азат Перуашев бүгін төлем карталарының салығы туралы депутаттық сауалында- «Бұл адамдар өздері нан тауып жүр» деп мәлімдеді. 

Қазақстан Республикасы 

Премьер-Министрінің 

бірінші орынбасары – 

Қаржы министрі

Ә.А.СМАИЛОВҚА

Құрметті Әлихан Асханұлы!

ҚР Қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұловтың азаматтардың банк карталарындағы операцияларды қадағалауды енгізуді жоспарлау туралы хабарламасына орай «Ақ жол» партиясына көптеген шағымдар түсуде. 

Бұл мәлімдеме қоғамда сынға ұшырап, қызу пікірталас тудыруда.

Вице-министрдің мұндай шешімі екі мақсатқа негізделген: біріншісі, кәсіпкерлердің жасырын табысын анықтау, екіншідсі – бюджетке түсетін салықты арттыру. 

Естеріңізде болса, Президент Қ.Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнесті салық төлеуден 3 жылға дейін босату туралы тапсырма берген болатын. Сондай-ақ, 3 жыл көлемінде орта және шағын бизнесті тексеруге мораторий енгізілді. 

Сонымен қатар, орта және шағын бизнестің кіріс салығы өзгертулермен жергілікті бюджетке берілген. Сондықтан, бұл сауал бойынша әр аймақта жергілікті жағдайға байланысты шешім шығарған жөн. 

Өйткені, бұл қадам шағын бизнестің табысын әкімшілендірудің мәні жоғалтады. Сонымен бірге, дәл осы қадам жеке банк карталарының операцияларының негізгісі болып табылады. Азаматтар миллиондап аударымды жеке карталары арқылы төлеуі екіталай. Себебі, көпшілікте мұндай ауқымды қаржы бола бермейді. 

Тұрғындар азық-түлік, дәрі-дәрмек, балалар тауарларын, шаштараз қызметтері мен көліктерді техниқалық тексерістен өткізгенде карталары арқылы төлем жасайды. 

Иә, мұндай төлемдердің ішінде «Золотой теленоктағы» Корейко сынды жасырын миллионерлер бар шығар, алайда ондайлардың үлесі жалпы жүргізілген операциялардың 1% ғана құрауы мүмкін. 

Халықаралық ірі аудиторлық компаниялардың бірі KPMG-нің мәліметі бойынша, мұндай әрекет байлар мен кедейлер арасындағы табыстың үзілуін растайды. Аталмыш компанияның зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың тек 0,4% ғана жылына 100 мың доллар табыс табады. 

Ал, азаматтардың 97% жылына 10 мың долларға дейін табыс табады. Ал 0,001% (162 адам) азамат қана Қазақстанның жарты табысын иемденеді. 

Сондықтан, 0,4% үшін қалған азаматтардың 99% жаман етіп көрсетудің қажеті жоқ. 

Карта иелерінің көпшілігі несиеге өмір сүреді. Бұл сатып алушыларға да, кәсіпкерлерге де қатысты.

Құрметті салықшылар, жасырын миллионерлерді төлем карталарын тексеру арқылы іздемеңіздер. Бұл адамдар мемлекеттен ештеңе сұрамай, өз бетімен күн көріп, нан тауып жүр. 

Одан да, миллондап пара алатындарды, офшорға миилардтарды шығаратындарды іздеңіздер. 

Егер елімізде жалпыға бірдей табысты декларациялау жүргізілсе карталарды тексерген дұрыс болар еді. Сонда ғана фактіленген шығындарды салыстыра отырып, жасырын айналымды анықтауға болады. Алайда, жалпыға бірдей табысты декларациялау 2025 жылға дейін қалдырылған. Сондықтан, бұл бастаманы қисынсыз деп білеміз. 

Бюджетке келер болсақ, жуырда ғана Парламент депутаттары табысты арттыру мен мемлекеттік мекемелердің тиімсіз шығындарын қысқарту туралы көптеген ұсыныстар енгізді. 

Мәселен, кәсіпкерліктің «Бизнес бастау» бағдарламасы (жыл сайын 6 млрд теңге бөлінеді) бойынша оқытуға кететін шығындарды еселеп қысқарту ұсынылды. Себебі, шын мәнісінде бағдарламаға қатысушылардың төрттен бір бөлігі ғана бизнеске несие алады. 

Есесіне, вице-министр мырза карталарын тексеру арқылы салық салғысы келген азаматтар – шағын бизнесте ешбір бағдарламаның көмегінсіз, өз күшімен кәсіпкер атанған адамдар. Сондықтан, оларды қысқартпай, керісінше өсуге, аяққа тұруына мүмкіндік берген дұрыс шығар? 

Ал, егер қазынагерлерге президенттің тапсырмасын бұзу керек болса – онда карталар бойынша салықты жылына 4 млрд теңге құрап отырған «Бизнес бастау» аясында 75% тиімсіз қаржыға салған дұрыс болар. 

Сондай-ақ, егер салық органдары салықты арттыру көздеп отырса, онда салық төлеушілердің қаржыны тиімді есеппен шығындауы туралы сұрақты көтеруі әділетті. «Ақ жол» партиясы шенеуніктердің тойымсыз тәбеті мен бюджет есебінен шалқып өмір сүруге деген құлшынысына бірнеше рет назар аударған болатын. Даңғазалық іс-шараларды қысқартып, қарапайым көліктер мен кабинеттерге ауысыңыздар – сонда қаржы да жетеді, адамдар да салықтың дұрыстығына сенетін болады. 

Мемлекеттік органдардың аталған секторды әкімшілендіруге дайындығы да күмән тудырады. Небәрі 100 мыңға жетпейтін субьектілер қосымша құн салығы бйыонша үнемі дау туындап, сотқа жүгінуге дейін барып жатады. Ал, 30 млн-нан астам карталар арқылы күнделікті жүргізілетін 1 млн 300 мың транзакцияларға салық салудың соңы не болады? 

Сонымен бірге, бастамашылар бұл жаңалықты енгізуде адамдардың жауабы қандай болатынын ескермеген. Бүгінде банк карталарының қарқынды дамуының арқасында Қазақстанда көптеген төлем жасау жұмыстары электронды форматқа көшіп, көлеңкеден шығарылды. 

Бірақ, көрсетілген мәлімдемеден соң картаны пайдаланудан бас тартып, қолма-қол төлемді талап ету пайда бола бастады. Осының кесірінен заманауи төлем жүйесіне деген сенім жоғалып, қаржы операцияларының басым бөлігі көлеңкелі жүргізілуі қаупін тудырады. 

Осы мәселелерді еске отырып, «Ақ жол» партиясы Сізден:

  1. Вице-министр Б.Шолпанқұловтың төлем карталар бойынша белгілі бір операция түрлеріне салық салуды енгізу туралы мәлімдемесін растау немесе жоққа шығаруыңызды,
  2. Егер мәлімдеме ведомстваның жоспарына сай келген жағдайда, Президент тапсырмасына сай шағын бизнесті салықтан босату мерзімінің аяқталуына дейін оны жүзеге асыру тәсілдерін қайта қарауға немес бас тартуыңызды сұрайды. 

Құрметпен, «Ақ жол» партиясының депутаттары