04
Наурыз

Бас прокуратура көлік инфрақұрылымы нысандарына жақын жер телімдеріне қатысты бірнеше рет заңбұзушылықты растады

4 наурыз 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Бас прокуратура көлік инфрақұрылымы объектілерінің жанындағы жер телімдеріне қатысты бірнеше рет заңбұзушылықты растады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы маңында болған апаттан кейін «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы Бас прокуратураға темір жолдарға, автомобиль жолдарына іргелес жатқан аумақтарды дамытуға қойылатын талаптардың сақталуы, сондай-ақ осы саладағы заң бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылық шараларын қатайту туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.

Бас прокурордың жауабында прокурорлар әуежайлардың санитарлық-қорғау аймағында 1,5 мың учаскені анықтағандығы белгілі болды. 11 әуежайда мұндай аймақтар мүлдем жоқ. Әуежай комиссияларының рұқсатынсыз қауіпсіздік аймақтарында 100 мыңнан астам түрлі нысандар салынды.

«Осындай бұзушылықтар теміржол және автомобиль көлігі саласында да анықталды. Осылайша, әкімдіктер темір жол көлігінің қорғау аймақтарын ескермей, заңдарды бұза отырып, 4666 учаске шығарды, олар бойынша 163 ғимарат салынған. Соңғы 3 жыл ішінде тек қана 330 адам соғу фактісі тіркелді, оның 194-і өлімге әкелген» - делінген Бас прокурор Г.Нұрдәулетовтің хатында.

Сонымен қатар, хатқа жауапта Бас прокуратураның үкіметке көлік инфрақұрылымына жақын жер учаскелерін беру талаптарын күшейту туралы ұсыныс жіберетіндігі айтылған.

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруда.