17
Наурыз

Батырбек Аширбаев бір жылдық жұмыстың қорытынды есебін тыңдады

17 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкентте боксты дамыту: жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер.

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, бокс федерациясының президенті Аширбаев Батырбек Мырзакелдіұлы арнайы тренерлерді жинап, бір жылдық жұмыстың қорытынды есебін тыңдады.

Жиын барысында аға жаттықтырушылардың бір жыл ішінде атқарған еңбегі сараланып, жетістіктері мен жұмыс нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар, туындаған мәселелер ортаға салынып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Жиынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков те қатысып, бапкерлердің жұмысына өз бағасын берді. Ол жас спортшылардың тәрбиесі мен олардың халықаралық аренада жетістікке жетуі үшін білікті жаттықтырушылардың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар, жиын барысында болашақта қалалық бокс федерациясының дамуына ықпал ететін жаңа жобалар ұсынылып, талантты жасөспірімдерді қолдау мәселелері қаралды. Федерация басшылығы спортшылардың дайындық деңгейін жақсарту үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін де айтты.