01
Ақпан

Батырхан Онбаев Ақсу ауылындағы әлеуметтік нысандардың жылу жүйелеріне зерделеу жүргізді

1 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Шу аудандық мәслихатына сайланған депутат Батырхан Онбаев Ақсу ауылындағы әлеуметтік нысандардың жылу жүйелеріне зерделеу жүргізді.

Зерделеу жұмыстары Шу аудандық мәслихатының жұмыс жоспарына сай бекітілген. Депутаттар аудандағы бюджеттік мекемелерді аралап, жылу беру кезеңінің қалай жүргізіліп жатқанын көріп, саралауда.

«Өзім сайланған округтегі елді мекендерді аралап шықтым. Ақсу ауылындағы Баласағұн орта мектебі, Оразалы батыр ауылындағы К.Әзірбаев атындағы орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйлерінде жылу нормативтік көрсеткішке сай беріліп жатыр ма, соны тексеріп, зерделеу жүргіздім. Жылыту маусымын ешқандай келеңсіздіктерсіз өткізу үшін бақылау мен қадағалау қажет. Мақсат осы», - дейді депутат.