30
Сәуір

«Батырларды еске алу» іс-шарасы өтті

30 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бабаларымыздың ерлігіне тағзым етіп, ел мен жерді қорғаған батырлардың рухына құрмет көрсеттік. Іс-шара барысында жүрекке әсер еткен баяндамалар тыңдалып, «Жүректе патриот» атты поэзия байқауы өтті. Бұл байқау шынайы шабыттың, рухтың және елге деген сүйіспеншіліктің көрінісі болды.​

Іс-шараға «Ақ жол» партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері Кидырмина Айым мен Жақиянова Ақниет қатысып, белсенділік танытқандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.​

Бұл іс-шара еліміздің батырларын ұмытпай, жас ұрпақтың жүрегінде елжандылық, патриотизм мен рухтың отын жағуды мақсат етті.​