22
Шілде

Бауыржан Найзақұлов «Asem Kids» балабақшасының жұмысымен танысты

22 шілде 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан сайланған депутат Бауыржан Найзақұлов Тараз қалалық мәслихатындағы әріптестерімен бірге шаһардағы білім мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Зерделеу барысында «Asem Kids» балабақшасына барып, мектепке дейінгі білім мекемесінің меңгерушісімен кездесті.

Депутаттармен диалог кезінде балабақша басшысы қалалық білім бөлімінің мамандары келіп, субсидия беру мәселесін зерделеп, тиісті анықтамалар алғанын жеткізді.

«Мәслихат сессиясында әріптестерім Тараз қаласының әкімі Бақытжан Әмірбекұлының назарына Құмшағал тұрғын алабының балабақша мәселесі бойынша тұрғындардың тілегін жеткізген болатын. Жалпы соңғы уақытта жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына субсидия беруде күрделі жағдай қалыптасқаны белгілі. Субсидия бір балаға кететін шығынның 50 пайызын жабады. Бұл жекеменшік балабақшалар үшін де, ата-аналар үшін де жеңілдік. Депутаттық сауалдан кейін бұл мәселеге назар аударылып, нақты қадамдар жасалуда. Ендігісі проблеманың толық шешілуінде», - дейді Бауыржан Найзақұлов.