27 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан
Найзақұлов Jambyl телеарнасының «Важный разговор» хабарында сұхбат берді.
Jambyl телеарнасының апталық хабарында заңнамадағы, мемлекеттік басқару
жүйесіндегі, экономика мен әлеуметтік саланың барлық салаларындағы
инновациялар, проблемалар мен оларды шешу жолдары, еліміздің және Жамбыл
облысының даму перспективалары талқыланады. «Важный разговор» бағдарламасының
кезекті шығарылымына спикер ретінде «Ақ жол» партиясынан сайланған Тараз
қалалық мәслихатының депутаты Бауыржан Найзақұлов шақырылды. Ақжолдық депутат
еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға қатысты «Ақ
жол» демпартиясының ұстанымдарына тоқталып, сұхбат берді.
Журналист-жүргізуші Наимбек Багбановтың: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз
Жолдауында Қазақстанда бір палаталы Парламент құру мүмкіндігі туралы мәлімдеді.
Оның айтуынша, мәселе бойынша пікірталас кем дегенде бір жылға созылады, содан
кейін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, Конституцияға қажетті
өзгерістер енгізуге болады. Сіз бұл бастамаға елдегі негізгі партиялардың
бірінің өкілі ретінде қалай қарайсыз?» деген алғашқы сұрағының өзі «Бір
палаталы Парламент құру» туралы бастамаға «Ақ жол» демпартиясының он шақты жыл
бұрын жасаған ұсынысы түрткі болғанын қабылдау жатқанын көрсетті.
Хабар барысында Бауыржан Найзақұлов журналистің ағын судың тапшылығы, су
үнемдеудегі көзқарасты қалыптастыру, Жасанды инттелект және цифрлық даму
министрлігін, Мемлекеттік крипторезерв құру туралы бастамаларға қатысты
сауалдар қойды. Бұдан бөлек ашық сұхбатқа арқау болған тақырыптар – елдегі
инфляция деңгейі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы, жаңадан қабылданатын
Құрылыс кодексі, Президент Жолдауынан туындаған жаңа міндеттер жайында әңгіме
қозғалды.
«Важный разговор» бағдарламасы әр аптаның
жұма күні эфирге шығады.
Ақжолдық депутат Бауыржан Найзақұловпен болған сұхбат келесі аптада
көрерменге жол тартады.

