10
Қазан

Бауыржан Сандыбаев азық-түлік бағасы мен сапасына қатысты тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады

10 қазан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, "Ақ жол" партиясынан сайланған  облыстық мәслихат депутаты Б.Сандыбаевтың бастауымен бірнеше  депутаттар қаладағы "Сыбаға" ЖШС қарасты "Сұлтан 2" әмбебап базарының құрылыс жұмыстарымен және әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасымен танысып, базардың құрылысы, жеміс-жидек, азық-түлік тауарларының сапасы мен бағасына баса назар аудара отырып, базар әкімшілігімен, сатушылармен пікір алмасты және тұтынушылармен кездесіп, олардың тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру, тауарлардың сапасын қамтамасыз ету мәселелері мен әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік өнімдерінің халыққа қолжетімділігін арттыру бойынша айтылған бірқатар ұсыныстарды тыңдады.