19 ақпан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Бауыржан
Сандыбаев облыстық мәслихаттың
тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына төрағалық етті.
Күн тәртібіне сәйкес 4 мәселе қаралды.
Облыстық мәслихаттағы «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат
Жомартұлы Боранбаев күн тәртібіндегі «2025-2027 жылдарға арналған бюджет туралы» басқарма
басшысы Ф.Аббасованың хабарламасына сәйкес бюджеттің шығындар бөліміндегі
"Басқалар" деп аталатын бөлімі бойынша ұсыныс берді.
«Ақ жол» фракциясы депутаттарының ұсынысы ескеріліп,
шешім жобасын сессия қарауына жіберу
туралы қаулы қабылданды.