21 тамыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы,
партиядан сайланған облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев өңірдегі
азаматтық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту,
құтқарушылардың кәсіби беделін арттыру мақсатында облыстық мәслихаттың бірқатар
депутаттарын Қызылорда өңіріндегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің
қызметімен танысуға бастап барды.
Олар №4 өрт сөндіру бөлімінде, №1, 2
мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде, Құтқарушылар базасында болды және
Қызылорда облысы ТЖД-нің ғимаратында азаматтық қорғау саласының өкілдерімен
кездесіп, олардың күнделікті жұмыс барысын және құтқару техникалары мен
құрал-жабдықтарының жай-күйін көрді.



