8 шілде 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Қызылорда облыстық мәслихаты төрағасының уақытша міндетін атқарушы,
Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы, "Ақ жол" партиясынан сайланған
депутат Бауыржан Сандыбаевтың төрағалық
етуімен мәслихаттың кезекті 24 сессиясы
өтті.
Сессияның күн тәртібінде 7 мәселе қаралды.
Олар сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында
жан-жақты талқыланып, егжей-тегжейлі қаралған болатын. Соған сәйкес, сессияның
күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру
және қайта атау туралы» мәселесіне орай облыстық мәслихаттағы "Ақ
жол" партиясы фракциясы депутаттарының ұсыныс-пікірлері қабылданып,
Қызылорда қаласынан Алаш ардақтысы Сұлтанбек Қожанов атына көше беру туралы
шешім қабылданды.


