11 қараша 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
“Ақ жол” партиясының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық
мәслихат депутаты, облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және
кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан
Сандыбаевтың төрағалығымен ХХVI сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың
бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық
бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 130
шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Депутаттар бірқатар өзекті
сұрақтарын қойып, облыстық экономика және қаржы басқармасының және облыстық
кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшыларының есептері тыңдалып,
жауаптар алынды. Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып,
күн тәртібіне ұсынылған мәселенің шешім жобасын сессия қарауына жіберу туралы
бірауыздан қаулы қабылданды.

