10
Қыркүйек

Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері облыс аудандарын аралап, құрылыс нысандарының сапасымен танысты

10 қыркүйек 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, мәслихаттағы Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссия мүшелері облыс аудандарын аралап, әлеуметтік нысандардың алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен және жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасымен танысты.

1. Алдымен Жаңақорған ауданында халық санының артуына байланысты емхана салу мәселесі пысықталды. Сондай-ақ Жаңақорған ауданындағы 2005 жылдан бері спорт саласына пайдаланылып келе жатқан №7 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебін ғимараттың бүгінгі жағдайына назар аударып, жылу беру маусымына дайындығын тексерді. Жаңақорған кентінің Саяжай және Алтынсарин мөлтек аудандарындағы әлеуметтік жағынан осал топтарға арналып салынып жатқан екі пәтерлі 40 үйдің құрылысымен танысты.

2. Шиелі аудандық білім, спорт, денсаулық сақтау және құрылыс бөлімдерінің басшыларымен №156 Нартай Бекежанов және №270 Ғафур Мұхамеджанов атындағы орта мектептердің, 2023 жылы қолданысқа берілген денешынықтыру-сауықтыру кешенінің және биыл пайдалануға берілген жұқпалы аурулар бөлімшесінің қазіргі жағдайы жылу  беру маусымына дайындығы барысының жай-күйі жөнінде ой-пікір алмасты.

3. Жалағаш ауданындағы әлеуметтік нысандардың, атап айтқанда  №13 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің жылу жүйесінің жағдайын, қазандықтардың жұмыс режимін және мектептің қысқа дайындыққа қатысты қажеттіліктерімен  және Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің жылу беру маусымына дайындығы барысымен танысты.

4. Сырдария ауданының орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей мен Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Сырдария спорт клубы КММ-нің және аудандық аурухананың бу қазандықтарының жағдайын көріп, мекеме басшыларымен және жауапты мамандармен пікір алмасты.

5. Қармаұшы ауданы, Жосалы кентіндегі «Дене шынықтыру сауықтыру» кешеніне жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын көрді.

6. Қазалы ауданындағы «Қазалы-Теміржолжылу» филиалының жылу беру маусымына дайындығын көріп, филиал қызметкерлерімен кездесіп, жылу қазандары мен жылу желілерін тексеру барысымен, тұрғындарға жылуды үздіксіз жеткізу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікірлесіп, ой бөлісті.

7. Арал ауданындағы №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен Арал қалалық №14 мектеп-лицейінің және №13 орта мектебінің, сондай-ақ, Сапақ ауылдық округіне қарасты №69 Сапақ орта мектебінің жылу беру маусымына дайындық жұмыстарымен танысты және мектептер мен спорт мектебінің жылу қазандығы, оқушылардың қауіпсіздігі және оқу процесі туралы мәселелер талқыланды.